«Адал ұрпақ» клубы
“Адал Ұрпақ” еріктілер клубы — мектептегі құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған оқушылардың ерікті бірлестігі. Жалпы үйірменің мақсаты:
• рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
• оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
• оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
• оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
4.Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:
• адамгершілік тәрбиелеу мораль дық-этикалық қағидаларын
қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;
• әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;
• эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.
Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
6.1 Клуб мүшелері бірдей құқыққа ие; — Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу; — Кезектен тыс отырыстың өткізілуі туралы шешім қабылдайды; — Әкімшілік кеңестерде, конференцияларда клуб қызметімен таныстырады;
Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
7.1 Клуб мүшелері бірдей құқыққа ие;
Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу;
Клуб қызметінің сұрақтары бойынша өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасауға;
Әлеуметтік маңызды шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар жасау;
Клуб штабындағы бар ақпаратты алуға;
Өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін клуб штабынан көмек сұрауға.
7.2 Клуб мүшелері төмендегідей міндеттемелерді өз еркімен қабылдайды;
ҚР заңнамасы, өз қызметіне қатысты халықаралық құқықтық жалпыға міндетті принциптері мен нормаларын, сонымен қатар Инновациялық техникалық колледжінің КММ жарғысымен белгіленген нормаларды сақтау;
Осы ереженің талаптарын орындау;
Клуб беделін қорғауға, оның жұмысын насихаттау.