1/4 және 1/2 финалдық ойын

Бүгін яғни Қаңтардың 18і күні сағат 15:00де “Жас Ұлан” БЖО акт залында, “Позитив” жайдарман үйірмесінің ұйымдастыруымен қалалық жайдарман ойындарының 1/4 және 1/2 финалдық ойындары өтті.Ойынға қала мектептерінен барлығы 7команда қатысып, бақ сынасты.Олар:
1.Б.Майлин атындағы #3 жалпы білім беретін мектебінің “Пути-пути” командасы.
2.А.Құнанбаев атындағы мектеп- гимназияның “Абай суиц” командасы.
3.Ш.Уәлиханов атындағы #1 жалпы білім беретін мектебінің “Болашақ” командасы.
4.Кейкі батыр атындағы #4 жалпы білім беретін мектептің “Ізбасарлар” командасы.
5.Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның “Ыбырай шәкірттері” командасы.
6.#10 мектептің “Жалын” командасы.
7.”Жас Ұлан” БЖО “Тентектер” командалары қатысып финалға жолдаманы сарапқа салды.Әділ қазылар құрамында:
1.Жайдарман ойындарының жүлдегері,Республикалық ән байқауларының жеңімпазы-Қадыров Жандос
2.Облыстық орысша КВН лигасының чемпионы,үздік ойыншы – Азамат Жолдыхан.
3.Арқалық қалалық жайдарман ашық лигасының директоры – Әміржан Наурызбек әділ қазылық жасады.
Ойын қорытындысы бойынша 4команда финалдық ойынға жолдама алды.Олар:
1.Кейкі батыр атындағы #4 жалпы білім беретін мектептің “Ізбасарлар” командасы.
2.#10 мектептің “Жалын” командасы.
3.”Жас Ұлан” БЖО “Тентектер” командасы.
4.Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның “Ыбырай шәкірттері” командасы. Талантымен көзге түсіп,көрермен көңілінен шыға білген Кейкі батыр аиындағы #4 мектептің “Ізбасарлар” командасы ойыншысы – Есқали Жасмин “Үздік ойыншы” номинациясын жеңіп алды.Барша қатысқан командаларға “Позитив” үйірмесі атынан алғыс білдіре отыра, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!! Алдағы маусым ойындарына тек қана сәттілік тілейміз!!!


Жарияланды: 25.02.202307:26

Автор: