1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні
1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай қала-ауыл мектеп оқушылары арасында өткізілген «Егер мен президент болсам..» атты қалалық бейнероликтер байқауының қорытындысы:
16.11-26.11.2020 аралығында БЖО «Жас-Ұлан» жанынан құрылған «Жалын» КШМ үйірмесінің ұйымдастыруымен «Егер мен президент болсам..» атты қалалық бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: балалардың еліміздің Президенті туралы түсініктерін толықтыру, халыққа қызмет етудің түрін түсінуге ықпал ету, туған жерге сүйіспеншілігін ояту, бәсекеге қабілетті азамат болуға баулу.
Онлайн бейнероликтер байқауына 40 оқушы қатысты, соның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, №1, №2, №3, №4, №5, №10, Родина, Восточный, Фурманов, Сарыөзен орта мектептері және №8, Майкөтов, Аңғар, Көктау, Қызылжұлдыз негізгі мектептерінің оқушылары белсене атсалысты. Байқау ережесі бойынша қала-ауыл мектептерінің 7-11 сынып аралығындағы оқушылар бейнеролик түсіру қажет және жұмыстың ұзақтығы 3 минуттан аспау керектігі ескертілді. Оқушылардың жұмыстары өз идеяларына байланысты әр түрлі форматта болды.
Оқушылар өздерін бір сәтке еліміздің басшысы ретінде санап, еліміздің әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа мәселелерін шешу жолында өздерінің әртүрлі иедяларын ұсынды. Осы орайда оқушылар өздеріне міндеттелген үлкен жауапкершілікті сезіне білді. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру мақсатында осы байқау өткізілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік бейнеролик» номинациясына ие болып марапатталды:
- Кәрімжан Бекзат, Аңғар жалпы негізгі білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.
- Тлеубаев Серик, А.Майкөтов атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы.
- Балуто Валерия, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «А» сынып оқушысы.
- Күмісбек Тамирлан, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушысы.
- Шайжан Ақайша, Қызылжұлдыз жалпы негізгі білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы.
Белсенді қатысқаны үшін марапатталды:
- Сапарбекова Көркем, Көктау жалпы негізгі білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.
- Амантай Дарын, Қызылжұлдыз жалпы негізгі білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы.
- Серікбай Нұржанат, Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы.
- Төлеуова Айым, М.Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушысы.
- Тукен Айнұр, Сарыөзен жалпы орта білім беретін мектебінің7 «А» сынып оқушысы.
- Сейтжан Амира, Фурманов жалпы орта білім беретін мектебінің7 «А» сынып оқушысы.
- Ағытаева Айнұр, Родина жалпы орта білім беретін мектебінің10 «А» сынып оқушысы.
- Орақова Панажан, М.Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 «А» сынып оқушысы.
- Сарбас Дариға, №10 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушысы.
- Бержан Райраш, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «А» сынып оқушысы.
- Құлжанова Ақния, Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы.
Ұйымдастырушы: «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Файзуллина А.Н.
