“15 тамыз “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында экскурсияға шықты.

Экскурсия мақсаты:

Оқушыларға туған өлкенің дала тарихымен таныстыру.

Қазіргі гаджеттер жаулаған уақытта таза ауада, әр елдің жеті кереметін, өзіміздің жерімізбен, халқымызды қорған батыр аталарымызбен таныстыру, өз көздерімен көру ол басқаша сезім.

Алғашқы аялдамамыз

“Кейкі батыр “кесенесі.

Тарихи сананы қалыптастыру – Кейкі батыр (Нұрмағанбет Көкембайұлы) – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қаһарманы, ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың бірі. Оның мазары жайлы айту арқылы оқушылар халқымыздың ерлік тарихын, отаршылдыққа қарсы күресін таниды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – Батырдың ерлігі мен тағдыры жас ұрпаққа үлгі болады. Мазарды таныстыру арқылы оқушыларға ұлттық батырларды құрметтеу, елінің тарихына, мәдениетіне мақтанышпен қарау сезімі қалыптасады.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу – Мазарды дәріптеу арқылы жас буынға ел қорғаған ерлерді үлгі етіп, отанын сүйе білуге, әділдік пен еркіндік үшін күреске дайын болуға баулиды.

Тарихи ескерткіштерді қадірлеу – Оқушыларды тарихи-мәдени мұраларды құрметтеуге, тарихи орындарға тағзым етуге, оларды қорғауға үйретеді.

Рухани тәрбие беру – Кейкі батырдың қайсарлығы мен адалдығы арқылы оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды үйрету.


Жарияланды: 27.08.202508:39

Автор: