2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері
Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері туралы.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес,сондай –ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты» бұйрығымен қосымша білім беру орталықтарына құжаттарды қабылдау және балаларға қосымша білім беру үшін «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуіріндегі №170 бұйрығына сәйкес,балаларға қосымша білім беру үшін, қосымша білім беру ұйымына құжаттар қабылданып тіркеледі.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде балалар мен жасөспірімдер орталығында келесі жұмыстар жүргізіледі:
- Бірінші қабатта фойеде сол жақта мемлекеттік қызмет көрсету туралы
барлық ақпаратты қамтитын ақпараттық стенд орналасқан.Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжаттары бар папка құрылды.
- Балалар мен жасөспірімдер орталығында «2019-2020 оқу жылында мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты адамдарды тағайындау туралы» 02.09.2019 жылы №44 «а» бұйрығы шығарылды.Мемлкеттік қызметтерді хатшы Сандыбаева С.Б көрсетеді,бұйрықтың орындалуын бақылау жасау әдістемелік бөлімінің меңгерушісі З.Р.Шапаеваға жүктелген.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жұмыс кестесі бекітілді: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін,түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.Сенбі,жексенбі демалыс.
- Құжаттарды қабылдау тегін әрі қатаң түрде мемлкеттік қызметтер стандартына сәйкес,жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау рәсімі барысында, құжаттарды қабылдаған маманның аты-жөнімен,қолы көрсетілген қолхат беру арқылы расталады.
5.2019 жылы барлығы 628 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- Мемлекеттік қызметтер уақытылы,еш бұзушылықсыз көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есеп ай сайын (27 күні) Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөліміне ұсынылып отырды.
- Қызмет алушылардан шағым болған жоқ.