2023 жылдың 28 сәуір күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында Халықаралық бишілер күні және Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай қалалық бишілер байқауы өтті
Байқауға қала және ауыл мектептерінен, қосымша білім беру орталықтарынан келген 15 би ұжымы қатысты. Іс-шараның жалпы мақсаты оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу. Айта кетейік, би байқауы 2 бағытта болды:
1) Халық биі және халықтық стильденген би;
2) Заманауи би, эстрадалық би.
Әр би ұжымы 2 бағыт бойынша бір номерден ұсынды. Жүлделі орынды беру қызу талқыда болып:
Гран-при иегерлері “Айказ” би ұжымы;
1 орын иегерлері Фурмон жалпы білім беретін мектебінің “Гауһар” би ұжымы;
2 орын иегерлері ҚББ “Арман” би ұжымы мен “SunRise” би ұжымы;
3 орын иегерлері “Жас Ұлан” БЖО “Тұмар” би ұжымы мен “Гүлдер” арнайы мектеп-интернаты болды.
Барлық қатысушы топтарға өз алғысымызды білдіреміз!