2024 жылдың 19 Наурыз күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығы
2024 жылдың 19 Наурыз күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығы, ”Алатау” клубының ұйымдастыруымен қала және ауыл 7-8 сынып мектеп оқушылары арасында Арқалық қаласының Наурыз мейрамына арналған спорттық жартасқа өрмелеуден жарыс өтті. Мақсаты мен міндеті:
– Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың спортқа деген ынтасын күш қайратын оята білу.
– Жартасқа өрмелеуді спорт түрі ретінде дамыту мен оқушылардың уақытын тиімді пайдалану.
Жалпы, жарысқа 7-8 сынып аралығында оқушылар қатысқан еді. Қатысқан мектеп командалардың ішінде 3 мектеп команда жүлделі орынға ие болды. Олар:
– Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі жүлделі 1 орын.
– Арқалық қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі жүлделі 2-ші орын.
– М.Ауезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі жүлделі 3-ші орынға ие болды.
Жарысты ұйымдастырушы “Алатау” отауының жетекшісі: Марат Е.А.