21.01.-22.01.2021 жылы жайдарман ойындары өткізілді
Бұл жолғы ойынның ерекшелігі карантин ережелеріне сәйкес әр командағы 25 минут беріліп, сол уақыттың ішінде барлық сайыстарды орындау міндеттелді. Жайдарман ойыны 3 сайыстан тұрды. Олар:
- Сәлемдесу
- Үй тапсырмасы
Жайдарман ойындарына 11 команда қатысты:
- Б.Майлин атындағы №3 орта мектептің «Майлин жастары» командасы
- Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің «Prom 21» командасы
- М.Әуезов атындағы №5 орта мектептің «Болашақ VIP»
- Абай Құнанбаев атындағы №6 мектептің «Абай үздіктері» командасы
- №8 орта мектептің «Өзіншелер» командасы
- №10 орта мектептің «БМС» командасы
- Родина орта мектебінің құрамасы
- Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның «Ыбырай шәкірттері» командасы
- А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің «Макаренко ұландары» командасы
- Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебінің «Жұрттың балалары» командасы
- «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Premium class» командасы
Сәлемдесу сайысы бойынша жоғары ұпай алған командалар: «Prom 21», «Абай үздіктері», «Өзіншелер», «Майлин жастары», «Premium class».
Екінші сайыста «Premium class», «Майлин жастары», «BMS» командалары үздік атанды.
Мерекелік көңіл күй ойынның алғашқы сәттерінен-ақ байқалды. Барлық командалар қаламыздың намысын қорғау үшін арналған облыстық жолдамаға барынша ұтымды әзілдер ойнап,әртістік қабілеттерін барынша ашуға тырысты.
Жайдарман ойындарына әділ-қазы алқасының төрағасы болып білім бөлімінің әдіскері Жұмаханова Айнұр шақырылды. Жұмаханова Айнұр ойынның жақсы деңгейде өткенін ойын соңында айтып өтті.
Қаламыздың абыройын республикалық дәрежеде қорғап жүрген мақтанышымыз Әйгерім Қозбақова керемет ойынның куәсі болды.
Жастар жаңашыры, ветеран ойыншы, «Жастар ресурстық орталығының» маманы Қожахметов Данияр мырза да төрелік етті.
Ойын нәтижесі бойынша
III орын – Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектептің «Prom 21» командасы
III орын – № 8 мектептің «Өзіншелер» командасы
III орын – Абай Құнанбаев атындағы №6 мектептің «Абай үздіктері» командасы
II орын – Бейімбет Майлин атындағы № 3 мектептің «Майлин жастары» командасы
I орын – «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Premium class» командасы
Барлық қатысқан командаларға алғысымыз шексіз!
Жеңісті күндеріміз көп болғай!