21.04.2023 ж. Республикалық қоғамдық бірлестіктің Арқалық қаласының “Жас Ұлан” балалар және жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің аға тәлімгерлері арасында
21.04.2023 ж. Республикалық қоғамдық бірлестіктің Арқалық қаласының “Жас Ұлан” балалар және жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің аға тәлімгерлері арасында “Үздік тәлімгер – 2023” байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 9 тәлімгер қатысты. 3 турдан болған байқауға аға тәлімгерлер жан-жақты ізденімпаздықпен дайындалып, өз жұмыстарын көрсете білді. Әділ қазылар алқасы білім бөлімінің әдіскері Г.Суйнбекова, “Жас Ұлан” орталығының оқу-тәрбие орынбасары И.Роговой және көп жылдық еңбек өтілдері бар М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ аға тәлімгері А.Куралбекова мен Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ аға тәлімгері С.Смайлова байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі қатысушыларды марапаттап, ақшалай сыйлықтар табысталды.
1- орын Қайыңды негізгі орта білім беретін мектебінің аға тәлімгері А.Жүнісбекқызы.
2-орын А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының аға тәлімгері Н.Әбдібек.
3-орын Ш.Уалиханов атындағы №1 мектебінің аға тәлімгері М.Мұстафа