22-Наурыз мейрамына байланысты оқушылар арасында суда жүзу эстафеталық іс-шарасы өткізілді.
Наурыз мейрамына орай суда жүзу нұсқаушылары – Абдрахманов Даурен және Жеңісбай Елдостың ұйымдастыруымен қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары арасында спорттық жүзуден эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа қатысушы командалар құрамынан 2 ер және 2 қыз баладан қатысты. Жарысқа қала мектептері арасында 8 команда, барлығы 32 спортшы қатысты. Жарыс өте жоғары деңгейде өткізілді. Көрсеткен нәтижелерімен төрешілердің шығарған қорытындысы бойынша I орынға – № 4 орта мектеп командасы ие болды, II орынға – №1 орта мектеп командасы ие болса, III-орынды № 5 орта мектеп командасы қанағат тұтты.