4-маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай “Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз” атты қалалық сайыс
Қостанай облысы, Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында 4-маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай “Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз” атты қалалық сайыс өтті. Сайысқа қала мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушылары қатысты. 3-кезеңнен тұратын сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орынды Кейкі батыр атындағы #4 мектеп оқушысы Галихан Асыл, орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Бейсембаева Інжу, орынды Ш.Уалиханов атындағы #1 мектеп оқушысы Айдархан Гүлзат иеленіп, барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін марапатталды.