4 – маусым рәміздер күніне орай өткізілген “Тәуелсіз еліміздің рәміздері” атты қала мектеп оқушылары арасында сайыс өтті.
“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында 4 – маусым рәміздер күніне орай өткізілген “Тәуелсіз еліміздің рәміздері” атты қала мектеп оқушылары арасында сайыс өтті.
Сайысқа қала мектептерінен 8 мектеп оқушылары қатысты.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мазмұнын түсіндіру.Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру.
Сайыс 5-6 сынып оқушылары арасында болды.
Сайыс қорытындысын шығарып,әділ қазылар әділ бағасын берді.
1 орынды: Ш.Уалиханов атындағы Ж.Б.Б.М 6 сынып оқушысы Боранбай Маржан
2 орынды: А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы Амантай Айару иеленді.
2 орынды: 10 Ж.Б.Б.М 6 сынып оқушысы Ғазез Ақмаржан
3 орынды: Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 5 сынып оқушысы Шәкіржан Айару иеленді.
3 орынды: 5 Ж.Б.Б.М
5 сынып оқушысы Галимова Асыл иеленді.
Қалған оқушылар белсене қатысқандары үшін Грамоталар мен марапатталды.
Барлық қатысушы оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
“Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың парызы”- деп Елбасымыз айтқандай, әрқайсымыз оны жүрекпен түсініп, құрметтеуіміз керек.