«Қыз еркем – кестесімен көркем» Сайыс

Сәлем достар!!!
Наурыз мерекесіне орай«Қыз еркем – кестесімен көркем» атты ұлттық қоржын тігу бойынша
қала оқушылары мен ауыл оқушылары  арасында қалалық сайыс өткізіледі.
Сайыс мақсаты:
-Оқушыларды ұлттық бұйым қоржынмен таныстыру.
–  Ата – бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін оқушыларға насихаттау.
– Еңбекке, шыдамдылыққа, әсемділікке және өз бетінше ізденуге баулу.
Сайыс шарттары:
Сайысқа 5-10сынып ауыл, қала  мектеп оқушылары қатыса алады.Оқушы өз қалауы бойынша түрлі түсті және кез келген матадан немесе жүннен әсемдеп қоржынның түр – түрін жасай алады. Бір оқушы бірнеше туынды жасауға болады.
Техника қауіпсіздігін сақтауды ұмытпаймыз.
• Қоржын міндетті түрде қазақтың ою – өрнегімен нақышталуы керек.
Қоржынғаөзі жасаған туындысына оқушының аты – жөні,мектебі,сыныбы,жетекшісі жазылуы керек. Итекеткасы болуы керек ұзындығы 9 см, ені 4 см
• Ені 27см, ұзындығы 35 см болуы керек.
• Қалауы бойынша қоржын түрі:(қыз қоржын,құда қоржын,күйеу қоржын,той қоржын)
• Әр оқушы жасаған еңбегін қорғауы тиіс.
Сайысты өткізу мерзімі;
Сайысқа жұмыстар қабылдау 2021 жылдың 01.03-09.03.2021жыл  уақыт аралығында тапсырылады. Сайыстың қорытындысы 2021жылдың 10наурызында «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында өтеді.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары және жеңімпаздар туралы ақпарат «Жас-Ұлан» БЖО сайтына, Instagram, facebook парақшаларына және YouTube каналына жарияланады.
Байланыс телефоны:
Барлық сұрақтар бойынша 8702-861-25-20 немесе7-04-05 байланыс номерлеріне хабарласып біле аласыздар.
«Жеткіншек» үйірмесінің жетекшісі:Түбекова Ә.Ә


Жарияланды: 22.02.202121:43

Автор: