8-9 сынып оқушылары қыз балалар арасында «Жас-Ұлан» спартакиадасы шеңберінде «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Волейбол» жарысы өтті

Ақпан айының 15-сі күні қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қыз балалар арасында «Жас-Ұлан» спартакиадасы шеңберінде «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Волейбол» жарысы өтті. Жарысқа 10 қала мектебі және ауыл мектептерінен Фурман орта мектебі қатысты. Командалар өздерінің жоғары дайындығын көрсете білді және жарыстың тартысты өтуіне жақсы ат салысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 3-ші орын Фурман орта мектебі. Ал финалдық ойында Шоқан Уалиханов атындағы №1 орта мектебі  Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясынан 2-1 есебімен басым түсті.  Жеңімпаздар «Жас-Ұлан» БЖО мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 


Жарияланды: 20.02.201907:46

Автор: