«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында Ризашылық күніне орай «Шын жүректен мың алғыс!» атты үйірмеішілік іс-шара

Жалын» және «Домбыра-дастан» отау үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен 1-наурыз Ризашылық, Алыс айту күніне орай «Шын жүректен мың алғыс!» атты үйірмеішілік концерттік іс-шара болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – тек мереке күнінде ғана емес, әр күні бір-бірлеріне ризашылықтарын білдіріп, жүрек жылытар жылы сөздерін айтып, «ризашылық», «алғыс», «рахмет» ұғымдарының мәні мен маңызын түсіндіру, «сыйластық» қарым-қатынасты нығайту.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, ал  ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін алғыс білдірушілік сезімі.

Концерт барысында «Ризашлық», «Алғыс айту» күніне қатысты дәйекті сөздер айтылды,  ән де шырқалды, би де биленді, домбырамен күмбірлеген күй де тартылды.

Келген қонағымыз, көркемдік жетекші – Суинбекова Гулнур Тургыновна  іс-шараларға қатысушыларды мерекемен құттықтап, осы Алғыс айту күнінің тарихына тоқталды. Өз сөзінде: «Аңыз бойынша, Америка құрлығын отарлаушылар 1621 жылы қаһарлы қыстың құрсауында қалып, аштыққа ұшырайды. Сонда жергілікті үндістер аяушылық танытып, бірнеше күркетауық әкеп, оларды тамақтандырады. Мұны айналадағы басқалары да қоштап бұл дүйім жұртты қыстан аман-есен шығуына себепші болды деседі.  Сол кезден бастап бұл күн аман-есен қалғандары үшін Жаратушыға құлшылық ету және көмек қолын созғандарға ризашылық білдіру күні ретінде аталып өтіледі. Кейіннен бұл күн – 1-наурыз Алғыс айту күні деп бекітіліп, республика көлемінде тойланатын болды»,- деді.

Ғалымдардың айтуы бойынша,  «рахмет» сөзін айту – адамдардың арасында жақсы қарым-ұатынас орнатады. Алғыс сөздері – адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден – бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығу керек. Осы сөзімізге дәлел ретінде үйірме мүшелері өз жүрек жарды тілектерін білдіріп, Ата-Анасына, Әжесіне, Досына, Ұстазына және бізге тіршілік нәрі болып отырған – Жерге, Күнге, Суға өз алғыстарын айтты.

Концерт соңында   Арқалық қаласы, «Жас – Ұлан» БЖО, қалалық балар ұйымы штабының төрайымы Алдамжарова Ақбота Меңдешқызы іс-шараны қотындылап, сөз сөйледі.

Келіп тамашалаған көрермен де кішкене де болсын рухани тәлім алып, демалып қалды деп ойлаймыз. Ал үйірме мүшелерінің бір-бірлеріне деген қарым-қатынасы одан сайын нығая түскендей.

 

 


Жарияланды: 28.02.201907:54

Автор: