Ұлы Жеңіс күніне орай, мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдауға арналған «Ұланымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиын өткізілді.
Арқалық қаласындағы «Қалалық Жас-Ұлан балалар мен жасөспірімдер» ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне орай, мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдауға арналған «Ұланымымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиын ҚР – ның мемлекеттік әнұранымен ашылды.
Барша қазақстандықтар үшін тамаша мерекеде, «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, биыл жетінші жыл, мектеп оқушыларын, Республикалық бірыңғай «Жас-Ұлан» ұйымы қатарына қабылдаудың рәсімін өткізді. Мерекелік алғашқы құттықтау сөз Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері – Жұмағанбетова Айнұр Қайроллақызына берілді.
Қала мектептерінің ұланбасылары рапорт беріп болған соң, балғын жасұландарға галстук байлау құрметі аға тәлімгерлер мен балалар ұйымының қалалық штабы көшбасшыларына және мектеп «Жас-Ұлан» комитетінің белсенділеріне ұсынылды.
Жасұландықтар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанының – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Отанын мақтаныш етуге;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
Жерлестерінің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етті. Өз еліне қайырымды істерімен көмектесу мүмкіндігін ала отырып, олар ертеңгі күнге деген сенімділіктің символы – көгілдір галстукты зор мақтанышпен тағып жүреді.
Салтанатты жиын соңында қала мектептерінің оқушылары дайындаған «Қазақстан» флешмобы тамашаланды.
Барлығыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан еліміз тыныш, жұртымыз аман, аспанымыз ашық болсын!


Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












