Республикалық «Балалар ұйымы» күнін атап өту шарасы шеңберінде, «Арқалық қалалық «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Жас-Ұлан» мектепшілік өзін-өзі басқару белсенділері арасындағы «Жаңа леп» шатырлы лагері өткізілді.
18 мамыр күні сағат 9:00 де «Жас-Ұлан» БЖО аумағында «Жаңа леп» шатырлы лагері өткізілді. Бұл шараға мектеп оқушыларынан 120 , ал қалалық штабтан 10 бала қатысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ және полиция қызметкерлері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін уақыт аралығында кезекшілік ұйымдастырды.
Қала мектептерінің ұланбасылары рапорт беріп болған соң, шатырлы лагерь жол парағы мектептерге үлестірілді.
Мектеп шатырлары құрылып, жеңіл таңғы асы ішілді. Сағат 10:00 ден бастап төмендегідей түрлі жарыстар ұйымдастырылды:
«Арқан тартыс» спорттық ойыны, оған әр мектептен 5 баладан;
«Походка» конкурсы, 2 оқушыдан;
«Кенгуру» эстафетасы – 4 оқушы;
«Тек алға» спорттық эстафетасы – 2 оқушыдан.
Ойындар соңында жеңімпаздар анықталып, орындарға грамоталар және белсенді мектеп оқушылары мен аға тәлімгерлеріне алғыс хаттар берілді. Сонымен атар «Ең ыңғайлы шатырлы палатка» грамотасы 3 мектепке берілді.
Түскі астан соң шатырлы лагерь орны жиналып, сағат 14:00-де барлық мектеп тазалық акциясын өткізіп, үйлеріне тарады.
Осылай «Жаңа леп» шатырлы лагері өз мақсат – міндетіне жетті.