Ботақан» балалар телестудиясының жылдық қорытынды концерті өткізілді.
201 9 жылдың 21 мамыр күні Арқалық қаласы «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында Демесинова Сымбат Болатовнаның ұйымдастыруымен «Ботақан» балалар хабарының жылдық қорытынды концерті болып өтті.
Концерттің басты мақсаты: Жыл бойына атқарылған жұмыстарды қорытындылау, мектепаралық әріптестік байланыста үздік деп танылған мектеп басшыларының тәрбие жұмысы орынбасарлыры мен жыл бойына байланыста болған сынып жетекшілерді, «Ботақан» телестудиясының мүшелері мен белсенділерін, және бағдарламаға қатысқан барша бүлдіршіндерді марапатттау.
Бағдарламаға қонақ ретінде жергілікті «Арқа дидары» телеарнасының редакторы Ақжанат Аманбаева, сынып жетекшілері мен жас тілшілердің ата-аналары шақырылды. Қала мектептерімен қатар, телебағдарламаға биылғы 2018-2019 оқу жылында қаламыздағы балабақшалар да белсене ат салысты. Сол себепті де, аталмыш іс-шараға балабақша бүлдіршіндерін де шақырдық. Концертке көрермен ретінде барша «Ботақан» бүлдіршіндері мен телекөрермендер ат салысты. Концертте «Ботақанның» барша қатысушылары өнер көрсетті. Күміс көмей әншілер әнін салды, мың бұралған бишілер билерін ұсынды, ал көркемсөз шеберлері өздерінің сүйікті бағдарламасы туралы жүрекжарды ақ тілектерін өлең жолдарымен жолдады. Көрермендер де назардан тыс қалған жоқ, олар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға ойыншық сыйлықтар табысталды. Концерт барысында шақырылған қонақтарға сөз беріліп,кішкентай бүлдіршіндер мен бағдарлама ұжымына тілектерін жолдады, сый сияпаттарын көрсетіп шығармашылық табыс тіледі.
Хабарға жыл бойына қатысқан барлық бүлдіршіндерге «Жас-Ұлан» балалар орталығының құрмет грамоталары мен арнайы бағдарлама жазылған дискілері табысталды.
Көрермендер мен ата-аналар концерттен алған ерекше әсерлерімен бөлісіп ұйымдастырушылар алқасына ризашылықтарын жолдады.
Осылай балалардың ең сүйікті бағдарламасының екінші маусымы қорытындыланды. Алда бағдарламаның жаңа маусымы күтіп тұр. Ұйымдастырушылар ұжымы, жаңа маусымда бағдарламаны көрерменге жаңа форматта ұсынуды жоспарлап отыр. Балалардың көз қуанышына айналған хабардың көрерменге берер қызығы әлі алда деп білеміз.