« Жаз – 2019» бір санда 3 ауысым қызықтары…
Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында түрлі шаралар мен жұмыстар атқарылуда. Солардың бірден – бір дәлелі оқушыларға арналған ақпараттық танымдық «Жас – Ұлан» журналы. Журналымыздың жарық көргеніне 1 жылдан астам уақыт болды.
Осы уақыт аралығында қала және ауыл мектеп оқушылары мен ұстаздары өздерінің еңбектерін журнал бетіне жариялап келеді. Орталығымызда болған іс – шаралар осы журналда жарық көруде.
Журналдың негізгі мақсаты – шығармашылыққа қабілеті бар оқушылардың көзін ашу, өзіндік жазу стилін қалыптастыру мен дамыту.
Жазғы демалыстарда оқушыларға арналған ақпараттық – танымдық журналының маусым, шілде, тамыз айларының кезекті саны басылып шығарылды.
«Жаз – 2019» тақырыбындағы бұл журналда биылғы жазғы орталығымыздың және қала мектептерінің ұйымдастырған демалу лагерлерінің қызықтары жарияланды. Мұнда лагер басшылары, клуб, үйірме жетекшілері, отряд жетекшілерінің легер жайлы қызықты мақалалалары еңгізілді.





Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












