Қала мектеп оқушылары арасында өткізілген «XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық зияткерлік сайысының қорытындысы

12.05-14.05.2021ж аралығында БЖО «Жас-Ұлан» жанынан құрылған «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық зияткерлік сайысы өткізілді.
Оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып,логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа,тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу сайыс мақсаты болды.
Сайыс 3 айналымнан тұрды: I айналым- «Бәйге», II айналым- «Дода»,  III айналым- «Жорға».
«XXI ғасыр көшбасшысы» атты қалалық зияткерлік сайысына 10 мектеп қатысты, соның ішінде №1, №2, №3, №4, №5, №6, №10, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Родина орта мектептерінің оқушылары белсене атсалысты. Сайыс ережесі бойынша қала мектептерінің 9-10 сынып аралығындағы оқушылары қатысты. Зияткерлік сайыс 12.05 күні қазақ сыныптары арасында ,14.05 күні орыс сыныптары арасында өткізілді. Барлық айналымдағы сұрақтар мектеп бағдарламасынан қойылды. Оқушылар аталған сайыста жоғары деңгейде белсенділік танытып, көшбасшы оқушылар анықталды.
Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
1 орын- Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушылары Құрманғали Асхат, Халитбекова Сабина.
1 орын- №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Усенова Даяна,Павлова Надежда.
2  орын- Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Ерманова Гүлнұр, Шубай Жанел.
3 орын- А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Кәрімова Ділназ, Дүйсенбы Аякөз.
Белсенді қатысқаны үшін:
1.М.Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Куклина Валерия, Торгованова Татьяна.
2. №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Вартанян Рафик, Нурмихаметов Фаниль.
Ұйымдастырушы: «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Файзуллина А.Н.

Жарияланды: 17.05.202116:39

Автор: