«Ауылым – алтын бесігім» экологиялық экспедициясы

«Ауылым – алтын  бесігім» экологиялық экспедициясы аясында  маусым айында «Жас – Ұлан» БЖО мен «Жас – Ұлан» ҚБЖҰ ҚБ мүшелері – Арқалық өңірінің бұлақ көздерін тазарту және абаттандыруда ауқымды іс атқарды.

«Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ -нің, «Жас-Ұлан» БЖО -ның, «Жас-Ұлан» ҚБ-нің тапсырысымен Арқалықтың аймағындағы бұлақтарды тазарту және абаттандыру бойынша экологиялық экспедициялар ұйымдастырылды.

Қаланың мектеп оқушылары мен жастарынан құралған еріктілер: «Шарықты бұлақ», «Көкшетау қайнарлары», «Босаға бұлақ», «Есенғабыл бұлақ», «Есқалы бұлақ»  бұлақтары тазартылып, абаттандырылды. Бұлақ бастарына табиғи орындықтар қойылып, бұлақтардың атауы мен орналасқан жерлері көрсетілген жол белгілері орнатылды. Экологиялық экспедицияның ұйымшылдықпен атқарған жұмысының арқасында көздері батпаққа айнала бастаған бұлақтарға екінші өмір берілді.


Жарияланды: 03.07.202113:31

Автор: