«Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясы

Қостанай облысы, Арқалық өңірінің табиғатын қорғау іс-шараларын ұйымдастыру мен бұлақтарды сақтауғабұлақтарын тазарту және абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге бағытталған «Ауылым-алтын бесігім» жобасы шеңберінде, «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “ММ тапсырысы бойынша, «Жас-Ұлан» қалалық балалар-жасөспірімдер ұйымы» ҚБ, «Жас-Ұлан» БЖО «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу үшін еріктілер жолсапарын өткізуде.

Көңіл қуантарлығы оқушылар мен жастардың осы акцияларды өткізуге деген ықыласының жоғарылығын атап өткіміз келеді. Жобаға тартылған ересектер мен еріктілердің көмегімен, оннан астам бұлақтар мен оған тиесілі айналасы тазартылды. Бұлақ басына жаяу жолаушылар мен ауыл тұрғындары үшін орындықтар, сондай-ақ бұлақ көздерінің орналасқан жері мен атауын көрсететін жол бойындағы белгілер орнатылған. Акцияны өткізу барысында ауылдық округ әкімдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды, олармен табиғи су игілігін одан әрі күту және абаттандыру туралы сыйластық әңгіме өткізілді.


Жарияланды: 08.07.202114:45

Автор: