«Дарын» пікірталас клубы
«Дарын» пікірталас клубы мектеп оқушыларына өздерінің қабілеттерін ашуға, мәселелердің түйініне мән беру, ұйымдастырушылық дағдысын, командамен жұмыс жасау қабілетін дамыту, әртүрлі идеяларды қорғай білу және сендіру, көшбасшы ретінде сөз алуға баулу сияқты мүмкіндіктерін береді. «Дарын» клубының жұмысы оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды қалыптастырып, парасатты пікірталас дағдыларын дамытуға бағытталған. Клуб белсенділері үнемі пікірталас тренингтерін,кездесулер, пікірталас турнирін,шеберлік сыныптары және басқа да іс-шаралар өткізеді. Қалалық және облыстық пікірталастарға қатысып, жеңістерге жетіп келеді.