“Қызықты бір күн” атты экскурсия

25 қаңтар күні “Жас Ұлан” БЖО-ның жалынды педагогтарының ұйымдастыруымен қаламыздағы “Ерекше білім беруіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернаты”- ның оқушыларына арнап, ” Қызықты бір күн” атты экскурсия өткізілді.

Педагогтар аниматор бейнесіне еніп, оқушыларды керемет көңіл-күймен қарсы алды. Орталығымыздағы барлық үйірмелерді аралап, тіпті кейбір үйірмелерде қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылып, шағын мастер- класстар өткізілді. Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында тренингтер, әсем әуенмен ырғақты билер ұйымдастырылды. Керемет атмосфера, жүздеріне күлкі ұялаған оқушылар, өз жұмысын жетік меңгерген педагогтар- керемет күннің жемісі.


Жарияланды: 27.01.202208:13

Автор: