Тоғызқұмалақ

17.02.2022 күні Ауыл және қала мектептері 1-4 сынып оқушылары арасында ,”Жастар” спартакиадасы есебіне, қазақтың ұлттық ойыны “Тоғызқұмалақ” жарысы өткізілді . Мақсаты: баланың ойлау қабілетіне , шешімді дер кезде қабылдауына, ойлау қабілетіне дамуына үлесі зор қосады.
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру ,оның дамуына үлесмізді қосу нәтижесінде , сайыс тартысты өтті. Барлық оқушылар жақсы дайындықпен келген. Жарысқа қатысқан командаларға және ойыншыларға шексіз алғысымды білдіремін. Болашақта жоғарғы белестерде көрінуге тілектеспін.
Ең үздік атағына, ие болған командалар :
1 орын – А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы;
2 орын – А.Құнанбаев атындағы мектеп- гимназиясы;
3 орын – М.Әуезов атындағы №5 мектеп;
Жарысты спорттық-көптік және сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырушы-педагог Жусупов М.Ш. өткізді.

Жарияланды: 24.02.202210:16

Автор: