Шынықсаң шымыр боласың

18-ақпан “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында, “Денсаулық айнасы” клубының ұйымдастыруымен “ Шынықсаң шымыр боласың” атты көңілді мәре сайысы болып өтті.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1  кезең:  “Жылдамдыққа жүгіру”

2 кезең: “ Секіртпемен секіру”,

3 кезең:  “Логикалық кезең”

4 кезең: “Көпірден командасын өткізу”

5 кезең: “ Шығыршықпен қозғалу эмтафетасы”

 

Ойында өздерінің жүйрік екенін дәлелдеп жүлделі орындарды иеленген топтар:

I- орын Ш.Уәлиханов атындағы #1 жалпы орта мектебінің “ҚЫРАН” тобы жеңіп алды

II- орын Родина жалпы білім беретін мектебінің “КӨКПАР” тобына бұйырса

III- орын Б.Майлин атындағы #3 жалпы орта білім беретін мектебінің “СҰҢҚАР” тобы иеленді.

 

Сайыстан орын алған және қатысқан топтар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Ойынды ұйымдастырушы “Денсаулық айнасы” клубының жетекшісі: Италмасова Маржан Курымгалиевна.


Жарияланды: 25.02.202209:45

Автор: