Наурыз Мейрамы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК-да 2022 жылдың 18 наурызы күні  Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың жетекшілері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.
Мереке көктемгі “Наурыз” мерекесімен құттықтаудан басталып, “Күй-шашу”әнінің ырғағымен дәстүрлі шашу шашылды.
Қыдыр атамыздан  бата сұрап алайық:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмаған сағыңды
Бетін басып жер болсын!
Жарылқа, Алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ-дәулет,
Қызыр қарап бақ қонып,
Жақсылық үшін қызмет ет!
Келесі кезекте «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының міндетін атқарушы С.Б. Демесінова мен орталық директорының  оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары И.И. Роговой  құттықтау сөз сөйледі.
Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында әріптестерімізді марапаттағалы отырған кәсіподақ ұйымының төрайымы Лекенова Гүлжанат Кенжеғарақызы да сөз алып, мерекемен құттықтап,орталық қызметкерлеріне адал еңбегі үшін грамоталар табыстады.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Осы бір айрықша мерекенің негізгі символын, ұлттық  асымызды яғни, ол әрине наурыз көжемізді тойымыздың төріне алдырайық!
Біздің үйге келіңдер,
Көліктерден түсіңдер.
Ақтан бата беріңдер,
Наурыз көже ішіңдер!
Бауырласқан тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр менен салтымыз, – дей отырып келесі кезекті қазақтың салт-дәстүрінің бірі баланы «Қырқынан шығару», салтына береміз. Тамашалайық.
Содан кейін «Бесікке салар», «Тұсау кесер», «Сырға салу»  сияқты қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, «Спорттық ойындар» ойналды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар мен қонақтарға «Қаражорға»ұлттық биін бірге орындау ұсынылды.

Жарияланды: 19.03.202210:45

Автор: