Анаңа жылу сыйла
Көктемгі мерекелерге орай біздің «Феникс» балалар қыш шеберханасы қала оқушылары арасында «Анаңа жылу сыйла» акциясын өткізді. Бұл акцияда, қатысуға ниет білдірген мектеп оқушылары біздің шеберханада шәй ішуге арналған кружка жасап, оны өз аналарына бере алады. Өз қолымен жасалған сыйлық қашанда жақын, туған адам үшін өте қымбат болады. Акция аяқталып,көптеген күйдірілулерден өтіп, дайыдалған кружкалардың жемісті жұмыс нәтижесінен кейін, барлық қатысушылар шеберханаға қорытынды «шәй ішуге» жиналды, мұнда балалар өз қолдарымен жасаған кружкаларымен үлкен қуанышпен, бірінші болып шәй ішті. Балалардың айтуынша, аналары мұндай сыйлықтарға өте риза.