«Үнемділік инноваторы» лайфхактар байқауы
Жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Bloggers» отауының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 11 мен 25- сәуір күндері қала және ауыл мектеп оқушылары арасында «Үнемділік инноваторы» атты лайфхактар байқауы өткізілді.
Байқауға қала мектептерінен 13 жұмыс жиналды. Байқау қорытындысын шығару әділ- қазы алқаларына оңайға түскен жоқ. Әрбір қатысушының жұмыстары жіті қаралып, бағалау өлшемдері арқылы бағаланып, мынадай қорытынды шығарылды.
І орын: Жақсылық Азиза – А.Байтұрсынов атындағы бастауыз гимназия 3 «Д» сынып оқушысы
ІІ орын: Сейлхат Сардар- №2 мектептің, 8 «А» сынып оқушысы
ІІІ орын: Мукан Инкар- А.Байтұрсынов атындағы бастауыз гимназия 3 «Д» сынып оқушысы
ІІІ орын: Аманжол Ерсұлтан – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, 7 «Ә» сынып оқушысы
ІІІ орын: А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 10 «Б» сынып оқушылары.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және де ат салысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз. Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болсын!!!
«Bloggers» отауының жетекшісі: Есімханова Жансая Айтмуханқызы