Біздің отбасының мерекелік дәстүрлі ас мәзірі
2023 жылдың қаңтар айының 16-26 аралығында “Ботақан” телестудиясының жетекшісі Түйтенова Гүлнұр Еркінқызының ұйымдастыруымен қала мен ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушыларының арасында “Біздің отбасының мерекелік дәстүрлі ас мәзірі” атты бейнеролик байқауы жүргізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: Оқушылардың отбасылық мерекелік ас мәзірінің дайындалуында аналарына көмектесу жолдары мен дұрыс тамақтану ережелері туралы білімдерін толықтыру болатын. Байқау қорытындысы 30.01.2023 күні шығарылды. Байқауға 8 мектеп қатысты.
І орынды #2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Есенжол Ерканат иеленді.
ІІ орынға А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Бекмырза Айым ие болды.
Ал ІІІ орынды екі мектеп иеленді. Олар: #10 мектептің 8 сынып оқушылары Әділбек
Динара мен Оразғали Аякөз
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Рамазан Тоғжан.
Қалған оқушылар қатысқаны үшін марапатталды.