Барлығына арналған арт-терапия: балалар мен ересектерге балшық мүсіндеудің пайдасы
2023 жылғы 17 ақпанда “Жас Ұлан” БЖО-да қала мектептерінің көркем еңбек мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинарда мектептердегі көркем еңбек сабақтарында балшықтан мүсіндеуді енгізу туралы сұрақтар қаралды. Балшықпен жұмыс жасау балалардың өсіп дамуына сөзсіз пайдасы бар,атап, айтқанда :
физикалық (ұсақ моториканың дамуы, қолдың жалпы ептілігі, қимылдарды үйлестіруі); психикалық(визуалды есте сақтаудың, ойлаудың дамуы); психологиялық(шиеленісті жеңілдетеді, тыныштандырады, жасырын мазасыздықты анықтауға көмектеседі).
Мен мектептерде сазды мүсіндеуді ұйымдастыру -сазды қайдан және қалай табуға болады, оны қалай тазартуға және өңдеуге болатыны жайлы ұсыныстар бердім. Әңгіме барысында мұғалімдер өз қолымен кеңсеге қажетті керек-жарақтарын салатын сауыттар жасады.
Семинаре-практикумға: №1,№2,№3,№4, №5,№10, Ә.Бөкейхан атындағы орта мектептер мен №8 негізгі мектептерінен педагогтер қатысты . Семинар-практикумның соңында қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды.
Мұғалімдерге семинар тақырыбы мен талқыланған мәселелер ұнады, сондай-ақ мұғалімдер өз қолымен жасаған кеңсеге қажетті керек-жарақтарын салатын сауыттар бойынша өткізілген шеберлік сабағына риза болды.
Балалар керамикалық шеберханасының жетекшісі: Латыпов Э. С.