«Менің аулам» тақырыбында бейнеролик байқауының қорытындысы шығарылды

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 3 сәуір күні «Өлкетану» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Менің аулам» тақырыбында бейнеролик байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 10 мектеп қатысты. Байқау ережесінің талабына сәйкес орындаған оқушылар марапатталды. I орынды Фурманов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Абильдина Ділназ, II орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Меймандос Дарын, III орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп –гимназиясының оқушылары Болатқызы Айару,Қамбар Наргиз иеленді. Қатынасқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз.


Жарияланды: 05.05.202313:45

Автор: