”Street-Art” қалалық байқау-акциясы
“Жас Ұлан” БЖО ұйымдастыруымен қала мектептерінің білім алушылары арасында “Қақпақтардан Street-Art” қалалық байқау-акциясы өткізілді. Мақсаты, балалар тұлғасының шығармашылық дамуына, көркем шығармашылыққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру болып табылады. Байқауға барлығы 11 мектептен 50 шақты оқушы қатысты. Ерекше әрі қызықты өткен байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Ә.Бөкейхан мектебі, 2-орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы, 3-орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия иеленді.
Қақпақ жинау акциясы бойынша 1-орынды Ә.Бөкейхан мектебі, 2-орынды А.Құнанбаев ат.мектеп-гимназиясы, 3-орынды Б.Майлин ат.мектебі алды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықтар мен марапатталды.