«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы “Шабыт” театр үйірмесінің іріктеу кезеңі жайлы ақпарат
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы “Шабыт” театр үйірмесінің іріктеу кезеңі жайлы ақпарат
2023 жылдың 21- кыркүйек күні ” Жас Ұлан ” балалар мен жасөспірімдер орталығында “Шабыт”театр үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушылары арасында кастинг өтті. Кастингте оқушылар өздерінің әртістік қабілеттерін, дарындарын сахнада паш етті. Айта кетейік, іріктеу 21-22 қыркүйек аралығында өткізілді. Іріктеуге 11-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, бақтарын сынаған еді. Жалпы, қатысқан мектеп саны – 7. Олар:
1. №3 Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі;
2. Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі;
3. А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы;
4. №2 жалпы білім беретін мектебі;
5. №8 жалпы білім беретін мектебі;
6. №10 жалпы білім беретін мектебі;
7. Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі.
Кастингтің әділқазылар алқасы М.Әуезов атындағы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің “Театр” клубының жетекшісі Толеуханова Арайлым Демеухановна және қалалық “Жас Ұлан”штаб жетекшісі Ыбыраева Айкерім Дүйсенбайқызы , «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Шабыт» театр жетекшісі Италмасова Маржан Курымгалиевна болған еді. Әділқазылар алқасының алдына оқушылар топтық, жекелей өз өнерлерін көрсетті. Мысалы, «Бауырсақ», «Красная шапочка» ертегілері және ұлы ақын «Абай Құнанбайұлының» өлеңдерін әртістік мимикамен оқыған оқушыларда болды. Қорытындылай келе, іріктеу барысында «Шабыт» театр үйірмесіне әділқазылар алқасы сәттілік тілей отыра 30 оқушы қабылдады.