Ұлттық өнер, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың ақындық шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында қаламыздың жас айтыскер ақындарымен кездесу кеші өтті
«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы», «Ақындармен кездесулер» өткізу рухани-адамгершілік, эстетикалық, ұлттық өнер, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың ақындық шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында қаламыздың жас айтыскер ақындарымен кездесу кеші өтті.
«Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер орталығының акт залында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының тапсырмасына сәйкес, «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы», «Ақындармен кездесулер» өткізу рухани-адамгершілік, эстетикалық, ұлттық өнер, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың ақындық шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында қаламыздың жас айтыскер ақындарымен кездесу кеші өтті. Ақындармен кездесу кешті БЖО басшысы Ербол Жаңбыршыұлы құттықтау сөзбен бастап, жас өнер иелері мен оқушыларға сәттілік тіледі. Құрметті қонақ ретінде оқушылармен кездесуге Батырлан Сағынтаев және Ернұр Әуезхан келді. Тағылымы мол кездесуде жас айтыскер ақындар өздерінің өнер жолындағы сәттерімен бөлісіп, сыр-сұхбат ретінде тамаша кездесу өтті. Көрермендердің ортасынанда оқушылар суырылып шығып ақын ағаларына деген айтыс жайында толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды. БЖО ұжымы болашақта осы жоба аясында да мектеп қабырғасындағы оқушылармен ақындар айтысын өткізуді көздеп отыр.