1-наурыз “Алғыс айту күніне” орай өткен “Алғыс айту – парызың …”
1-наурыз “Алғыс айту күніне” орай өткен “Алғыс айту – парызың …” атты қалалық шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мейірімділік, достық, ризашылық, азаматтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі сияқты адами құндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту.
Аталмыш, іс-шараға қала мектеп оқушылары қатысқан еді. Айта кетейік, іс-шара соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар бірігіп, өз жетекшілеріне алғыс білдірді.