8 Наурыз Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған іс – шара өлкемізге белгілі тұлға жайында сыр шерткен тамаша кездесу кеші өтті
Бүгін 4 наурыз күні Арқалық қаласы «Жас ұлан» балалармен жасөспірімдер орталығы, «Ботақан» үйірмесінің ұйымдастыруымен, 8 Наурыз Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылған іс – шара өлкемізге белгілі тұлға жайында сыр шерткен тамаша кездесу кеші өтті. Көнеге зер салсаң өнеге көп. Егерде сіз еңбекті сәтті таңдап алып,оған өзіңіздің барлық жан тәніңізді салсаңыз,онда бақыт сізді өзі – ақ іздеп табады деген екен дана халық. Біздің бүгінгі кездесу кешіміздің құрметті қонағы «Қазақстан Республикасы халыққа білім беру ісінің озық қызметкері», қалалық «Аналар кеңесі» қоғамдық ұйымының төрайымы, «Жомарт жүрек» медалінің иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз аяулы Ана Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызына арналған «Ардақтайық, Ананы» атты кездесу кешіне қаламыздың белсенді мектеп оқушылары қатынасты. Бақытжамал апамыз өзінің өмір елегіне көз жүгіртіп, балалық шағынан осы бақытты шағына дейін жүріп өткен өмір жолы жайлы ой толғады. Келешек ұрпаққа берері мол кездесуде апамызға түрлі сұрақтар қойылып, қонақ кәде ұсынылды. Күй тартылып, ән шырқалды. Осындай тағылымы мол кездесулер болашақта да өз жалғасын таппақ!