Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында Арқалық қаласының туған күніне орай және «Жас-Ұлан» БЖО 30-жылдық мерейтойына орай, спорттық шыңға өрмелеуден «Алатау» отауының
жетекшісі Сұлтан Мақсаттың ұйымдастыруымен Арқалық қаласының біріншілігі өтті. Шараның негізгі мақсаты оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, шыңға өрмелеуді спорт түрі ретінде дамыту.

Жарыс екі санат бойынша – 5-6 және 7-8 сыныптар арасында ұл және қыз балалар арасында өткізілді. Спорттық жарысқа оқушыларды жетекшілері жоғары дайындықпен әкелді. Олар өз мектептерінің намысы үшін жоғары
деңгейден көрінуге тырысты. Жартасқа өрмелеуден жеңімпаз оқушылар ең  жылдам уақыт бойынша анықталды. Жарыс қорытындысында 1 санаттағы қыздар арасында I орынды Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінен келген Тілектес Жансұлу, II орынды Родина орта мектебінен келген Мейрам Аружан иеленсе, III орынды №10 орта мектебінен келген Вдовченко Диана қанжығасына байлады. Ал жоғарыда аталған санат бойынша ұлдар арасында I орынды №1 мектебінен келген Нұржанов Мұхтархан, II орынды №2 орта мектебінен келген Теменов Елдос иеленді. Сонымен қатар Родина орта мектебінен келген Абильғазин Жалғасқан III орынды місе тұтты.

Және де екінші санат бойынша Родина орта мектебінің оқушысы Вдовченко Вероника I орынды, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Иманбаева Мерей II орынды, №2 орта мектебінен келген Касенова Аллара III орынды иеленді. Жігіттерімізде жүлделі орыннан көріну үшін бар күш- жігерлерін аяған жоқ. Атап айтар болсақ №10 орта мектебінен келген Филиппов Илья I орынды, №1 орта мектебінен келген Шалабайұлы Азат II орынды иеленсе, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Шкарпетин Руслан III орын тұғырынан көрінді.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. Жарысымызға белсене ат салысқан оқушылар мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да спорттық шыңға өрмелеу
жарысы тұрақты түрде өткізіліп тұрады деген сенімдеміз.

 

 


Жарияланды: 21.11.201809:41

Автор: