«Тұғыры биік -Тәуелсіздік» Тәуелсіздік мерекесіне арналған оқушылар арасындағы қалалық жыр мүшәйра.
Осындай атаумен «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас қалам» жас журналистер отауының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған оқушылар арасындағы қалалық жыр мүшәйра өтті. Тәуелсіздік қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Қазаққа киелі ұғым – тәуелсіздіктің астарында жатқан қанша сырларды ашып, осы күнге шүкіршілік ете отырып, оқушылардың санасына тәуелсіздік терминінің мән-мағынасын түсіндіру. Бұл сайыстың негізгі мақсатыда осында. Жыр мүшәйра жоғары деңгейде өтті. Бұған дәлел қатысқан оқушылардың жоғары дайындықпен келгендігі.
Жыр кешіне барлығы қала және ауыл мектептерін қосқанда 13 білім беру ошақтарынан 23 жас ақын қатысты. Оларды жетекшілері жоғары дайындықпен әкелді. Ақындарымызға Нұр Отан партиясының кенесшісі Рахметов Жандос пен орталығымыздың педагогтары «Домбыра-Дастан» отауының жетекшісі Жүзбай Шынболат және «Ботақан» балалар телестудиясының жетекшісі Демесінова Сымбат әділ қазылық жасады. Кешіміз 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» тақырыбында белгілі бір ақынның өлеңін мәнерлеп оқу. 2 кезең «Тәуелсіздікке тарту» , «Байтақ елім Қазақстан», «Отан-Ана» тақырыптарына арнап өздерінің шығарған өлеңдерін оқу және де соңғы 3 кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» сахнада берілген тақырыпқа байланысты шағын өлең жолдарын шығару. Ақындарымыз барлық бөлімдерге белсенділікпен ат салысты. Жас ақындар кешінде бір байқағаным жыр сүйер қауымның мүшәйраға деген сағынышы сезіліп тұрды. Оны әр өлеңді нақышына келтіріп оқыған жастардың талаптарынан да байқауға болады. Кешіміздің барысында Сабыржан Мейірбек, Тынымов Бекзат есімді жас әншілерімізде көрермендерді тамаша, рухты әндерін шырқап, серпілтіп отырды. «Жас қалам» отауының оқушылары да өздерінің өлеңдері арқылы Тәуелсіздік күніне деген тілектерін жеткізді. Мүшәйрада үш кезеңде тартысты өтті деуге толық негіз бар. Сондықтанда кеш соңында бір шешімге келу әділ қазы алқаларына оңайға соққан жоқ. Себебі қатысушылардың көптігімен қатар, барлығының да дайындықтары бірінен-бірі асып тұрды. Дегенменде жарыс болған жерде ең мықтыны анықтау керектігі белгілі.
Сонымен қорытындылай келе барлық үш кезең бойынша дараланып үздік шыққан А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінен келген Қабрахим Ұлмекен бас жүлде иегері атанса, Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектебінің оқушысы Ихсан Жанна 1 орын тұғырынан көрінсе, Әубәкіров атындағы жалпы негізгі мектебінің оқушысы Нұржанова Нұрсая 2 орын және Восточный елді мекенінен келген Байғазин Руслан жүлделі 3 орынды місе тұтты. Сондай-ақ жоғарыда аталған үш кезең бойынша да оқушыларымыз номинация иегері атанды. Олар «Ең үздік көркемсөз оқу» бөлімі бойынша Майкөтов атындағы негізгі мектебінен келген Тойшыбекова Аружан , «Ең үздік Тәуелсіздікке арнау» бойынша Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Сапарбек Қарлығаш және «Сахнада үздік өлең шығару» бойынша Нұрмағанбетова Айдана марапатталды.
Қазіргі таңда жастарымыздың өлең оқуға деген қызығушылықтарының жоғары екендіктері келген көрермендер мен біздерді қуантты. Оқушыларымыз бұнымен шектеліп қана қоймай , өз таланттарын одан әрі дамытса екен деген тілегімізде бар.

Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












