«Халықаралық балаларды қорғау күні»
2024 жылдың 1 маусым күні жыл сайын аталып өтетін «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Аталмыш, іс-шараға Арқалық қаласының балақайлары мен арнайы шақырылған мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Мерекелік бағдарлама аясында 12 алаң құрылған еді. Оның ішінде: асфальтта сурет салу, топтық және мергендікке арналған ойындар, сабынды көпіршіктермен сурет салу, туристік бағдарлау мен жартасқа өрмелеу спорттық жарыстары, «Tiktok» әлемі, жанды дауыстағы әндер байқауы мен керамикалық кәдесыйлар жасау алаңы, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған арнайы шатырлы алаңдары болды. Жалпы, іс-шараның ашылу салтанаты орталық тәрбиеленушісі Қуаныш Нұрдостың көңілді әнімен және акробатикалық бимен басталып, орталық директоры Кабылдин Ербол Жанбыршиновичтің құттықтау сөзімен жалғасты. Кейін оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роговой Игор Иванович мерекелік бағдарламаның алаңдарымен таныстырып өтті. Үстіде аталып өткендей, балалар 12 алаң бойынша қызықты әрі көңілді ойындар мен байқауларға(жарыстарға) қатысып, тәтті сыйлықтар мен мадақтамалар иеленді.
#көңілдіжаз2024
#летнийотдыхдетей
#қосымшабілімберу
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do