Биіктікті бағындырайық: жартастан өрмелеу жарысы
«Биіктікті бағындырайық» атты қиындыққа және жылдамдыққа арналған қашықтығындағы жартастан өрмелеуден жарыс
2024 жылдың 5 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының біріншілігі есебіне қала және ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Биіктікті бағындырайық» атты қиындыққа және жылдамдыққа арналған қашықтығындағы жартастан өрмелеуден жарыс өткізілді. Жарысқа қала және ауыл мектептерінен әр командадан екі ойыншыдан (1 ұл, 1 қыз бала) жалпы 25-тен астам оқушы қатысып, жарыс командалық және жекелей түрде өткізілді. Жеңімпаздар анықталды. Барлық оқушылар қашықтықты бағындырып, ең мықтысы жүлделі жеңімпаз болып атанды.
Жарыстың жеңімпаздарына келсек:
Командалық жарыста:
1 орын – Кейкі батыр атындағы №4 мектеп
2 орын – №7 жалпы білім беретін мектеп
3 орын – Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп
Жекелей жарыста:
1 орын – Литвинчук Владимир (Кейкі батыр атындағы №4 мектеп)
1 орын – Шачнева Анастасия (Кейкі батыр атындағы №4 мектеп)
2 орын – Еңбекші Асылмұрат (Ә. Бөкейхан мектебі)
2 орын – Асылхан Айзере (№7 мектебі)
3 орын – Леоньтев Захар (№10 мектебі)
3 орын – Сәбитбек Жания (Б. Майлин атындағы №3 мектеп)
Жеңімпаз командаларға және оқушыларға алдағы болатын сайыстарда сәттілік тілеймін!
Жарыс ұйымдастырушысы – «Эдельвейс» спорттық туризм клубының жетекшісі Жусупов М.Ш.