«Ең үздік штаб» қалалық байқауы

24-26 ақпан күндері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қалалық штабының ұйымдастыруымен қала мектептерінің аға тәлімгерлері арасында «Ең үздік штаб» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға комиссия болып «Жас Ұлан» орталығының директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары И. И. Роговой, «Жас Ұлан» БЖО-ның әдіскері С.Б.Сандыбаева және «Жас Ұлан» балалар ұйымының қалалық штаб төрайымы А. Д. Ыбыраева тағайындалып, 24-26 ақпан күндері барлық мектептерді аралап, штабтың жұмысымен танысып, кабинеттің безендірілуін, рәміздердің орналасуын, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, аға тәлімгердің құжаттарын тексерді. Қорытындысы 27 ақпан күні өткізілген «Фэнтези 2025» қалалық байқауында жарияланып, аға тәлімгерлер мадақтамалармен марапатталды.
Бас жүлде – №10 жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері Д. Б. Муслимова
І-орын А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының аға тәлімгері Н. Ж. Әбдібек
ІІ-орын М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері А. Ж. Куралбекова
ІІІ-орын Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері Г. М. Бультрикова
ІІІ-орын Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері С. Б. Смаилова марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

 


Жарияланды: 01.03.202514:55

Автор: