«Тіл татулық тірегі» атты өзге ұлт оқушылары арасында танымдық өтті
«Жас Ұлан» БЖО – да «Тіл татулық тірегі» атты өзге ұлт оқушылары арасында танымдық өтті. Бірі – тіл, бірі – ділі жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тіл – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Қазақстанда туып, сол жердің суын ішіп, ауасымен дем алған бірден-бір адам, мейлі орыс болсын, неміс, украин, кәріс болсын сол елдің мемлекеттік тілін, салт – дәстүрін, тарихын біліп, соны қадірлеп, сыйлауы керек. Міне, бүгінгі танымдық сайысымыз соның бірден – бір дәлелі. Жалпы қала мектептерінің 7,8 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдері балаларының қазақтың елі, жері, тарихы, тілі, халық ауыз әдебиеті жайлы қаншалықты мағлұмат алғандары сайыс барысында анықталды. Султаншина Анета, 2. Рассохин Данил, 3. Закиров Радмир, 4. Сенькина Янна, 5. Тараканова Александра, 6. Гудинов Андрей қазақ тілінде бар өнерлерін ортаға салды.
Жүйріктен жүйрік озып сайыс барысында.
І орынды Радмир Закиров;
ІІ орынды Сенькина Янна;
ІІІ орынды Александра Тараканова, екінші ІІІ орынды Гудинов Андрей иеленіп арнайы грамота мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Танымдық сайысқа қатысқан өзге де оқушылар арнайы алғыс хатпен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.