22 тамыз “Жас Ұлан “балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында экскурсияға шықты.
Экскурсия мақсаты:
Туған өлкеміздің
тарихи – мәдени жерлерімен таныстыру.
Экскурсиямыздың алғашқы аялдамасы Амангелді Иманов атындағы мұражайды таныстыру.
Амангелді Иманов атындағы мұражайдың негізгі мақсаты – халық батыры, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі Амангелді Үдербайұлы Имановтың өмірі мен ерлік жолын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихын, Амангелді ауданының өткені мен мәдениетін халыққа таныту.
Келесі бағытымыз:
«Тәж Торғай» — Амангелді кентіндегі ерекше туристік кешен. Онда әлемнің ұлы сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері біріктіріліп, ұлттық рух пен жаһан мәдениетін таныстыруға арналған экскурсия болды.
“Тәж Торғай” келгеннен бізді арнайы гид туристік саяхат бойынша маманы күтіп алып барлық жерлерімен таныстырып шықты .
Оқушылар сол жерде орналасқан арнайы киіз үй де түскі астарын ішіп,соңында естелікке фотоға түсіп жолға шықтық .
Оқушылар жазғы демалыс уақытында бір күн уақыттарын өткізіп балаларға рухани демалыс сыйладық.



















Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












