«Жас Ұлан « балалар мен жасөспірімдер орталығында «Шабыт»театр үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушылары арасында кастинг өтті.
📌2025 жылдың 23- қыркүйек күні «Жас Ұлан « балалар мен жасөспірімдер орталығында «Шабыт»театр үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушылары арасында кастинг өтті. Кастингте оқушылар өздерінің әртістік қабілеттерін, дарындарын сахнада паш еткен еді.Кастинг барысында оқушылар:
➢ Өздерін таныстырып, театрға деген қызығушылықтарын айтты.
➢ Мимика мен эмоция арқылы түрлі көңіл-күйді бейнеледі.
➢ Мәнерлеп оқу, рөлге ену, импровизация сынды тапсырмаларды орындады.
➢ Кейбір оқушылар ән айтып, би билеп, драмалық монолог оқып ерекше қабілеттерінкөрсетті.
🎭Қатысушылар еркін сөйлей білу, сахнада өз-өзіне сенімді болу, тың идея ұсыну сынды критерийлер бойынша бағаланды. Олардың ішінен ең дарынды, ынталы әрі белсенді оқушылар«Шабыт» театр үйірмесіне қабылданды.
Кастингтің әділқазылар алқасы «Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының» бас режиссері:Абжалов Ербол Ермекұлы және «Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері» Мұханбеткалиева Назерке Салимжановна, «Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері» Суйнбекова Гулнур Тургыновна болды.
Кастингтің қорытындысы бойынша, 25 оқушы «Шабыт» театр үйірмесіне қабылданды. Алдағы уақытта осы оқушылармен жұмыс жасау жоспарлануда.








Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












