«Жүзу» үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының 8-9 сынып оқушылары арасында суға жүзуден жарыс өтті.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 2025 жылы қазанның 20 күні Республика күніне орай. «Жүзу» үйірмесінің ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының 8-9 сынып оқушылары арасында суға жүзуден жарыс өтті. Жарыстың мақсаты:

– оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру;

– қала көлемінде суда жүзу спорт түрін дамыту, шебер суда жүзушілерді анықтау;

Жарыстың негізгі ережесі ұлдар арасында Жекелей 50м – қашықтықтағы бассейнде жүзу. 2 адамнан жарысқа түсіп,уақыт көрсеткішіне суда жүзуден жарысты. Жалпы қала мектептерінен 4 команда қатысты. Жарыс қорытындысын төрешілер уақыт көрсеткішіне байланысты анықтады.

Жекелей

50 метр ұлдар арасында:

1 орын- Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Стюф Никита иеленді

2 орын- №7 жайлы мектеп оқушысы Өміржанов Ислам иеленді

3 орын- №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Опацкий Матвей қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар медаль және мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Балалар бассейнде жарысқандарына ризашылық білдіріп, мәз-мейрам болып тарқады.

Жарысты ұйымдастырушы: Кәдір Бауыржан Кәкімжанұлы


Жарияланды: 21.10.202514:00

Автор: