25 қазан Республика күні мерекесіне орай «Жас Ұлан» балалар ұйымының қалалық штабының ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы – жас ұлан!» атты салтанатты жиын өткізілді.
22 қазан 2025 жылы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 25 қазан Республика күні мерекесіне орай «Жас Ұлан» балалар ұйымының қалалық штабының ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы – жас ұлан!» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға барлық мектеп парламенті мүшелері және Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданатын белсенді оқушылары қатысты. Атаулы мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынымызды тамашалауға келген қонақтар Арқалық қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Арыстан Есмұханбетұлы және қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Тұрғынқызы оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп құттықтады.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына барлығы 38 жас қырандар, 22 жас ұландар қабылданып, кеудесіне төсбелгілер тағылып галстуктер байланды. Мерекелік шашу ретінде А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның кішкентай бүлдіршіні Манарбек Әділ «Атамекен» әнін асқақтата орындады.
Тәуелсіз Қазақстан елінің жарқын болашағы Жас Ұландықтарды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанымыздың тұғыры биік, туы мәңгі желбірей берсін!
#мектеппарламенті
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@gani.beisembayev
@erlankalmakov
@kost__bilim
@rumcdo_official
@kostdaryn.kz
@rcfk_i_do
@ibraeva.0707
@arkalyk_bilim_bolimi
#біртұтас_тәрбие
#Адалазамат


















Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












