25 қазан Республика күніне орай өткізілген “Республиканың жетістіктері Менің өлкемнің жетістіктері “Нан өлкесі менің елімнің байлығы”

23 қазан күні “Өлкетану” үйірмесінің жоспарына сай 25 қазан Республика күніне орай өткізілген “Республиканың жетістіктері Менің өлкемнің жетістіктері “Нан өлкесі менің елімнің байлығы” атты тақырыпта.Жас Ұлан БЖО белсенділерінің Арқалық қаласының ТОО “Агрофирма “Astana Agro”элеваторына танымдық экскурсия жасалынды.

Экскурсияның мақсаты:

Астықты сақтау, өңдеу және тасымалдау үдерістерімен танысу; элеватордың құрылымы мен жұмыс істеу принципін түсіну,астық сапасын сақтау технологиялары мен қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет алу.

Экскурсия барысында астықты қабылдау, тазалау, кептіру және сақтау үдерістерімен таныстық. Элеватордың жұмыс жүйесі мен жабдықтарының маңыздылығы түсіндірілді. Бұл экскурсия ауыл шаруашылығындағы астықты тиімді сақтау мен өңдеудің рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.


Жарияланды: 27.10.202508:29

Автор: