“Жас – Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі
Балалар мен жасөспірімдерді бір тудың астына біріктіру мақсатында құрылған ұйым ол – Жас-Ұлан. Жас-Ұланның болашағы – ұлттың болашағы, ол кеудесінде патриоттық сезімі алаулап, жүрегінде жігері жалындаған , бойында қайраты қайнаған әр Қазақстандық жастың болашағы.
Арқалық қаласындағы «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің алатын орны ерекше. Себебі, бұл бірлестік – бойында оты жалындаған, өнерлі, жан-жақты балалардан құралған бірлестік.
«Жас-Ұлан» көшбасшылар шеберлік мектебі 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында көшбасшылық мектептің тәрбиеленушілері көптеген облыстық, республикалық жарыстарға, слеттерге, форумдарға қатысып, өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, әр уақытта Арқалықтың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келеді. Осы орайда көшбасшылық мектептің алдына қойған мақсатына тоқталсам:
Тәуелсіз қазақ елінің ұлттық құндылықтарын құрметтеуге және дәріптеуге тәрбиелеу;
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жұмыс жасау;
Оқушының бойындағы қандай да бір шығармашылық қабілетін танып, оны әрі қарай дамыту;
Оқушылардың бойында көшбасшылық, лидерлік қабілеттіліктерін жан-жақты ашып, ортада еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Үйірме тәрбиеленушілері 3 жыл бойы тәлім алады. Осы 3 жыл ішінде олар:
«Көшбасшы» деген кім, оның бойында қандай қасиеттер болу керек;көпшілік алдында еркін сөйлеу,
өз ойын, пікірін еркін жеткізу,
сахна мәдениетін (сахнада өзін-өзі ұстау, дауыс ырғағы(дикция), көпшілік назарын өзіне аудару, әр түрлі жесть-мимикалар) үйренеді.
Біздің әр сәтіміз көңілді. Әр түрлі ойындар, тренингтер ұйымдастырылып, алдағы болатын концерттік бағдарламалардың сценариі, онда орындалатын көрсетілімдердің барлығын бірлескен түрде жан-жақты ойластырамыз. Жұмыс күніміздің соңғы сәтінде барлығымыз шеңбер жасай отырып, бүгінгі өткен уақытымыз туралы айтып, өз ойымызбен бөлісеміз. Сөйтіп, атқарылған бір күндік жұмысымызға сыни қорытынды жасаймыз.
Жалындаған жас өрендердің бөліскен идеялары мен «тек қана, алға!», «біздің қолымыздан барлығы да келеді!», «біз мықтымыз!» деп ауызбіршілікте айтқан ұрандарын, тек жақсылыққадеген ұмтылысын көргенде атқарылып жатқан істердің барлығынын бекер емес екендігін ұғынасын. Жасұландықтар – бұл ел ертеңі мен Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы.