А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай ізімен» видео челлендж байқауы

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының “Bloggers” клубының ұйымдастыруымен қала мектеп оқушылары арасында А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай ізімен» видео челлендж байқауы өткізілді.

*Байқаудың басты мақсаты: Қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай оқушыларды шығармашылыққа баулу;

*Абай мұрасын кеңінен насихаттау, оның өлеңдері мен қара сөздеріндегі тәрбие мен даналықты жас ұрпаққа жеткізу;

*Оқушылардың әдебиетке, тілге, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру;

*Заманауи технологияларды (видео, мобилография, монтаж) тиімді қолдану арқылы жас блогерлер мен медиатұлғалардың дамуына жағдай жасау;

*Қалалық деңгейде дарынды оқушыларды анықтап, ынталандыру.

«Абай ізімен» видео челлендж байқауына барлығы 12 жұмыс ұсынылды. Челлендж қорытындысы бойынша:

I орынды – №7 ЖББМ оқушысы Мағзұм Нұржігіт жеңіп алды.

II орынды – А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Берікқызы Інжу иеленді.

II орынды – Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ оқушысы Нұрбекқызы Нұрай ие болды.

III орынды – №2 ЖББМ оқушысы Шералы Алинұр иеленді.

III орынды – М.Әуезов атындағы ЖББМ оқушысы Файзуллина Нұрсая ие болды.

III орынды – Т.Әубәкіров атындағы НОМ оқушысы Қасым Асылжан иеленді.

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Іс – шараға белсене ат салысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

“Bloggers” клубының жетекшісі:Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы.


Жарияланды: 18.10.202508:10

Автор: